Роналду бапкерсіз қалады: Роберто Мартинес Португалия құрамасынан кетеді
Футбол әлемі әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі – Португалия құрамасының лагерінен шыққан жаңалыққа дүр сілкінді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алекс Круктың айтуынша, Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін бірден отставкаға кету туралы түпкілікті шешім қабылдады.
Испан маманы Криштиану Роналду мен оның командасы Солтүстік Америка алаңдарында қалай өнер көрсетсе де — топтық кезеңде тоқтаса да, финалға дейін жетіп алтын медаль алса да — міндетті түрде қызметінен кетеді.
Мартинес Португалия футбол федерациясының (FPF) басшылығына қазіргі келісімшартын созбайтынын және оның мерзімі турнир аяқталған соң автоматты түрде бітетінін алдын ала ескертті.
52 жастағы бапкердің жетекшілігімен Португалия іріктеу кезеңінен оңай өтіп, үстем ойын көрсетті, бірақ Мартинестің өзі құраманың даму жолында жаңа күш қажет деп шешіп, қызметінен кететінін мәлімдеді.
Испандық маманның болашағына келсек, ол ұзақ үзіліс жасауды жоспарламайтынын және жаңа ұсыныстарға ашық екенін айтты. Мартинеске жақын адамдар оның басты мақсаты – Ағылшын Премьер-лигасына оралу екенін жеткізуде.