РЕСМИ: «Милан» жаңа бас бапкердің есімін атады
«Милан» жаңа бас бапкердің есімін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Россонери» Рубен Аморимді ресми түрде жаңа бас бапкер етіп тағайындағанын жариялады. Португалиялық маманмен келісімшарттың мерзімі туралы мәлімет берілген жоқ.
Фабрицио Романоның ақпаратына сәйкес, бұрынғы «қызыл шайтандардың» бас бапкері «Миланмен» 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойған, әрі тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.
Аморимнің соңғы жұмыс орны «Манчестер Юнайтед» болды. Ол бұл команданы 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Португалиялық маман 2024/2025 маусымында «қызыл шайтандармен» Англия чемпионатында небәрі 15-орын алды, алайда командасын Еуропа лигасының финалына шығарды, онда «Тоттенхэмге» жол берді.
Бұған дейін «Милан» жанкүйерлері АҚШ-та наразылық акциясын өткізуді жоспарлап жатқаны хабарланған еді.