locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Құрамында Рыбакина бар Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын білді

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингінде Қазақстан әлемнің үздік он құрамасының қатарындағы орнын сақтап қалды
Теннис
Құрамында Рыбакина бар Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын білді
ФОТО: KTF

Билли Джин Кинг кубогын ұйымдастырушылар 23 қарашадағы жағдай бойынша әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады. 988,75 ұпай жинаған Қазақстан жетінші орынға жайғасып, Польша, Канада және Жапониядан озып тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.

1312,5 ұпайы бар Италия көшбасшылық орнын сақтап қалды. Екінші орында Чехия, үшінші орында Украина тұр. Қазақстаннан жоғары Ұлыбритания, Испания және АҚШ құрамалары да орналасқан.

Үздік ондықтағы жалғыз өзгеріс Польша мен Канадаға қатысты болды: олар орын алмастырды.

Билли Джин Кинг кубогы рейтингінің үздік ондығы:

ФОТО: Билли Джин Кинг

Еске салайық, қыркүйекте Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогындағы жарысты ширек финалда аяқтап, Испанияға 1:2 есебімен жол берді.

Жарыстың шешуші кезеңіне ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакинасыз аттанды. Биылғы маусымды мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде аяқтаған теннисші жарақатына байланысты турнирге қатыса алмады.

Жарыстың финалдық кезеңінде Рыбакина өнер көрсетпесе де, Қазақстан әлемнің үздік он құрамасының қатарында қалды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie