ЧЛ финалын басқарған төреші: «Қайрат» — «Левски» матчының арбитрі белгілі болды
УЕФА төрешілер комитеті Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Левски» арасындағы қарымта матчқа төреші тағайындады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның бас төрешісі — 42 жастағы неміс маманы Даниэль Зиберт. Ол 2015 жылдан бері ФИФА төрешісі мәртебесіне ие, үлкен футболдағы бірнеше маңызды кездесулерді басқарған. Соңғысы — осы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы, онда ПСЖ пенальти сериясында Лондонның «Арсеналын» тізе бүктірген болатын.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Келесі кезеңге өтеді»: Исламхан «Қайратқа» ЛЧ-дегі «Левскиге» қарсы қарымта матч алдында қолдау білдірді
Айта кетерлігі, Зиберт бұған дейін еурокубок іріктеуінде қазақстандық командалардың екі кездесуінде төрелік еткен. Екеуі де кипрлік АПОЭЛ-ға қарсы: 2018 жылдың тамызында «Астанаға» (0:1) және төрт жыл өткен соң «Қызылжарға» (0:0). Болгариялық футболда Зиберт екі мәрте «Лудогорецтің» матчтарына төрешілік жасап, қос ойында да жергілікті алпауыт жеңіліп қалған.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Левски» арасындағы қарымта матч 11 тамыз күні сағат 20:00-де Түркістандағы «Түркістан-Аренада» өтеді. Алғашқы ойын Болгария астанасында өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
