«Левски» қорғаушысы – «Қайрат» үстінен жеткен жеңіс туралы: «Бұл, мүмкін, сәл оғаштау»
«Левски» қорғаушысы Никола Серафимов Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойында «Қайратты» жеңу жөніндегі пікірін бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Мен үшін бүгінгі нәтиже туған күніме берілген ең үлкен сыйлық. Біз келесі кезең – Чемпиондар лигасының плей-оффына шығуды мақсат етіп келгенбіз. Армандаудан бас тартпаймыз. Біз күн сайын еңбек етіп, өзімізге деген сенімділігімізді арттырып келеміз. Тағы да үлкен жетістікке қол жеткізе аламыз.
Мен қобалжыдық деп айтпас едім. Көп уақыт бойы біз өте сабырлы болдық әрі жасап жатқан ісімізге сендік. Бізге допты көбірек бақылау жетіспеді – бұл, мүмкін, сәл оғаштау, бірақ біздің мақсатымыз алға ұмтылу болды. Ауа райы бізге де, қарсыласқа да бірдей болды. Олар мұндай жағдайда ойнауға үйренген, бірақ бұл аса әсер еткен жоқ.
Біздің жанкүйерлер – керемет. Біз қайда ойнасақ та, мұндай жанкүйерлердің болуы ерекше қуантады. Олар бізге Чемпиондар лигасының басты кезеңіне шығуға ұмтылуға зор мотивация береді», – деп келтіреді Серафимовтың сөзін sportal.bg.
Еске сала кетейік, кеше «Левски» «Қайратты» 1:0 есебімен ұтып, екі ойын нәтижесі бойынша 2:0 жеңіске жетті. София клубы Чемпиондар лигасының төртінші іріктеу кезеңіне өтіп, онда грек клубы АЕК-пен кездеседі.
«Қайрат» өз жорығын Еуропа лигасында жалғастырады. Турнирдің төртінші іріктеу кезеңінде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері ПАОК пен «Андерлехт» жұбының жеңімпазымен кездеседі.