ВИДЕО: «Қайрат» Түркістанда «Левскиге» қалай есе жіберді
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундында болгариялық «Левскиге» екінші матчта да жол берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Түркістанда өткен екінші ойында да болгар командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті (екі матч қорытындысы бойынша есеп — 2:0, София клубының пайдасында).
13-минутта қонақтар сапынан Рейнальдо есеп ашып, «Левскиді» алға шығарды. Бұл гол бүгін Түркістандағы кездесуде жеңіс голы болып тіркелді. Қалған уақытта қазақстандық ұжым қарсыласының қақпасына жол іздеумен болды, алайда есепті теңестіре алмады.
Енді Қазақстан чемпионы Еуропа лигасында өнер көрсетуді жалғастырады. Бұл кезеңде Рафаэль Уразбахтиннің командасының қарсыласы бельгиялық «Андерлехт» пен гректің ПАОК клубының (алғашқы матчта бельгиялықтар 1:0 есебімен алда) арасындағы жеңімпаз болады.
Рейнальдоның жеңіс голының видеосын төменде ұсынамыз.