Тамаша ойын: Покатилов қорғаған «Сабах» ЛЧ-де ірі есеппен жеңіске жетті
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қорғаған Әзербайжанның «Сабах» клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің екінші матчында Данияның «Орхус» командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Покатиловтың командасы Даниядағы алғашқы кездесуде күтпеген жерден 0:1 есебімен жеңіліп, қарымта матчқа аутсайдер ретінде шыққан еді. Алайда Баку төріндегі жауапты ойында «Сабах» қарсыласын 4:0 есебімен тас-талқан етіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы әдеттегідей негізгі құрамда алаңға шығып, матчтың толық уақытын өткізді. Livescore порталының бағалауынша, Покатилов өз командасында жетінші нәтижені (8.1) алды.
ЧЛ топтық кезеңіне шығу үшін Әзербайжан чемпионы енді «Хапоэль Беэр-Шева» (Израиль) – «Црвена Звезда» (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл командалардың қарымта кездесуі 23:00-де басталды.