locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Кеше қақпада мен тұрдым ғой»: Әлібеков Канье Уэстің концертіне қатысты айыптауларға жауап берді

Бейбіт Әлібеков «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жеңілісінен кейінгі сынға жауап берді
«Кеше қақпада мен тұрдым ғой»: Әлібеков Канье Уэстің концертіне қатысты айыптауларға жауап берді
ФОТО: IG Әлібеков

Белгілі блогер, кәсіпкер және Шымкенттің «Ордабасы» клубының амбассадоры Бейбіт Әлібеков «Қайраттың» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жеңілісінен кейін Threads әлеуметтік желісінде өзіне бағытталған сынға жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жанкүйерлердің бір бөлігінің наразылығы Канье Уэстің алдағы концертіне байланысты. Іс-шара 14 тамызда «Қайраттың» үй аренасы саналатын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған. Концертке дайындық жұмыстарына байланысты алматылық клуб еурокубоктағы кездесуін «Түркістан Аренада» өткізуге мәжбүр болды.

Концертті ұйымдастыруға Әлібековтің бұрынғы жұбайы Дана Қарағұсова негізін қалаған First Media Group компаниясының қатысы бар. Жобаға олардың ұлы Айтуар Әлібеков те атсалысады. Бейбіт Әлібековтің өзі америкалық рэпердің Қазақстандағы концерті туралы алғашқылардың бірі болып хабарлаған еді.

«Қайрат» жеңілгеннен кейін кейбір жанкүйерлер команданың сәтсіздігін матчтың Алматыдан Түркістанға ауыстырылуымен байланыстырып, Әлібековті сынай бастады. Блогер бұл пікірлерге әзілмен жауап берді.

«Мен кінәлімін, кешіріңіздер. Кеше қақпада мен тұрдым ғой», - деп жазды Әлібеков.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» Орталық стадионда концерт өткізуге келісім бермегенін мәлімдеп, қалыптасқан жағдайға наразылығын білдірген болатын.

«Левскиге» қарсы кездесуде алматылықтар 0:1 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын екі матч қорытындысы бойынша 0:2 есебімен аяқтады. Flashscore бағалауы бойынша «Қайрат» сапындағы ең төмен ұпай қақпашы Темірлан Анарбековке берілді - 6,0.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie