locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» пен «Левски» Чемпиондар лигасы матчында: қайдан көруге болады

Жеңімпаз команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығады, онда грек АЕК-імен кездеседі
«Қайрат» пен «Левски» Чемпиондар лигасы матчында: қайдан көруге болады
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар Лигасы
11.08.2026, Аяқт.
Кайрат
0
Левски София
1

11 тамыз, сейсенбі күні Түркістанда Алматының «Қайраты» мен Болгарияның «Левски» командалары арасында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасы ұсынады.

Алғашқы ойын Софияда өтіп, «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жалғыз гол қосымша уақытта – 90+2-минутта болгар клубының жартылай қорғаушысы Сержиньоның еншісіне жазылды.

  • Матчтың ең қызықты сәттері Telegram-дағы Sports24.kz арнасында live режимінде қолжетімді болады

Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф раундына өтіп, грек АЕК-імен кездеседі. Ал «Қайрат» – «Левски» жұбының жеңіліп қалған командасы Еуропа Лигасындағы жолын жалғастырады. Бұл кезеңде олардың қарсыласы бельгиялық «Андерлехт» пен гректің ПАОК клубтары арасындағы жеңімпаз болады.

Еурокубоктарда тағы бір қазақстандық клуб өнер көрсетуде. Қостанайлық «Тобыл» Конференциялар лигасында бақ сынап, үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Партизанмен» кездеседі.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie