locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бразилия әлем чемпионаттарының тарихи рекордын қайтарып алды

Бразилия әлем чемпионаттарының тарихи рекордын жаңартты
Бразилия әлем чемпионаттарының тарихи рекордын қайтарып алды
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасы Гаитиді 3:0 есебімен жеңгеннен кейін әлем чемпионаттары тарихындағы ең нәтижелі команда атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Осы матчтан кейін бразилиялықтардың мундиальдардағы гол саны 241-ге жетіп, олар тарихи рейтингте жеке-дара көш бастады.

Әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп гол соққан құрамалар:

1.Бразилия - 241 гол
2.Германия - 239 гол

Бір қызығы, жуырда ғана Германия Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата жеңіп, Бразилияның рекордын жаңартқан болатын. Алайда «селесао» көп ұзамай көшбасшылықты өзіне қайтарды.

Opta статистикалық платформасының мәліметінше, Гаитиге қарсы кездесу Бразилияның әлем чемпионаттарындағы кемінде үш гол соққан 41-матчы болды. Бұл да - турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Бұл тізімде Германия екінші орында тұр. Немістер әлем чемпионаттарында 36 рет бір матчта үш немесе одан көп гол соққан.

Екі турдан кейін Бразилия құрамасының қоржынында төрт ұпай бар. Команда плей-офф жолдамасына жақындай түсті және топтағы бірінші орын үшін күресін жалғастырып жатыр. Соңғы турда бразилиялықтар Шотландия құрамасымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie