Бразилия президенті Неймарды қатаң әзілмен сынады
Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва азаматтармен кездесу кезінде Неймарды «ұлттық құраманың бірінші қашықтан ойнайтын футболшысы» деп әзілмен атап өтті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Лула бір балаға қай бразилиялық футболшыны қазіргі таңда үздік деп санайтынын сұрады. Бала Неймарды таңдады, сол кезде президент тапқырлықпен жауап қайтарды.
«Неймар ма? Бірақ ол қазір тіпті ойнап жүрген жоқ қой!» — деп Лула таңданысын білдірді. Кейін ол интернеттен Неймардың ұлттық құрамаға «қашықтан» шақырылған әлемдегі алғашқы ойыншы болғаны туралы әзілді көргенін айтты.
Президент бұл сөздің өзінің ойлап тапқаны емес, шынымен интернеттен көргені екенін атап өтті. Лула әзілін одан әрі жалғастырып, егер бәрі осылай жалғаса берсе, бір күні Бразилия жасанды интеллект арқылы ұлттық құрама жасақтап, алаңға «11 Пелені» шығаруы мүмкін екенін айтты.
Бұл иронияның себебі — Неймардың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жағдайы. Шабуылшы Бразилия құрамасының сапына енгізілгенімен, жарақатына байланысты Мароккоға қарсы алғашқы ойында алаңға шықпады. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Бразилия құрамасының шабуылшысы әлем чемпионатының екінші турындағы Гаитиге қарсы кездесуге де қатыспайды. Сондай-ақ, шабуылшының топтық кезеңнің соңғы ойынында, Шотландияға қарсы алаңға шығуы да әзірге белгісіз.