Сенсеңіз де, сенбесеңіз де. Түркия әлем чемпионатының ерекше антирекордын орнатты
Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде мерзімінен бұрын плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Түрік футболшылары қатарынан екі матчта жеңіліп қана қоймай, мундиальдар тарихындағы бұрын-соңды болмаған антирекордтың авторына айналды.
Статистикаға сәйкес, әлем чемпионаттары тарихында допқа 70 пайыздан астам иелік етіп, кемінде 30 соққы жасаған бірде-бір команда жеңіліс таппаған. Алайда Түркия бұл жағдайды қазіргі турнирде екі рет қайталады.
Бірінші турда түріктер Аустралиядан 0:2 есебімен жеңілді. Сол кездесуде олар допқа 72 пайыз иелік етіп, қарсылас қақпасына 30 рет соққы жасаған.
Екінші турда да дәл осындай жағдай тіркелді. Түркия құрамасы допты 78 пайыз уақыт бақылауында ұстап, 32 соққы жасағанымен, Парагвайға 0:1 есебімен жол берді.

Осылайша екі турдан кейін Түркия құрамасы ұпайсыз қалып, плей-оффқа шығу мүмкіндігін толық жоғалтты.
Топтық кезеңдегі соңғы матчында түріктер АҚШ құрамасымен кездеседі. Америкалықтар Парагвайды (4:1) және Аустралияны (2:0) жеңіп, алты ұпаймен мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын қамтамасыз етіп қойды.
Ал Түркия үшін АҚШ-қа қарсы ойын ӘЧ-2026 турниріндегі соңғы кездесу болмақ.