Бразилия – Гаити. Онлайн көру
Бразилия Гаитимен матч өткізеді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
20 маусымға қараған түні Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Гаитиге қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бразилиялықтар турнирді жеңіспен бастай алған жоқ. Алғашқы турда олар Мароккомен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Ал Гаити құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Шотландиядан 0:1 есебімен жеңіліп, ұпайсыз қалды. Сондықтан бұл ойын команда үшін ерекше маңызға ие болмақ.
Кездесу Филадельфия қаласында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 05:30-да басталады. Бразилия - Гаити матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.