locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рафинья үшін ӘЧ-2026 аяқталуы мүмкін. Бразилия жұлдызына не болды?

Рафинья ӘЧ-2026 турнирінен тыс қалуы мүмкін
Рафинья үшін ӘЧ-2026 аяқталуы мүмкін. Бразилия жұлдызына не болды?
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасы әлем чемпионатының қызған шағында маңызды ойыншыларының бірінен айырылып қалуы ықтимал, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Барселона» мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Рафинья Гаитиге қарсы өткен топтық кезеңнің екінші тур матчында жарақат алды. Футболшы кездесудің 40-минутында өзін жайсыз сезініп, алаңға отырып қалды да, ойыннан кетуге мәжбүр болды.

ФОТО: Getty images

Бразилиялық ойыншы бірінші тайм аяқталмай жатып ауыстырылды. Қазір Рафинья толық медициналық тексеруден өтіп жатыр, сондықтан жарақаттың нақты сипаты мен қалпына келу мерзімі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Алайда шетелдік БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, жарақаттың ауыр болуы мүмкін екені айтылуда. Егер алғашқы болжамдар расталса, Рафинья шамамен екі айға қатардан шығып, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы қалған матчтарды өткізіп алуы ықтимал.

Айта кетейік, футболшы биылғы наурыз айында да тізе асты сіңірінен жарақат алып, белгілі бір уақытқа алаңнан тыс қалған болатын.

Соған қарамастан Бразилия құрамасы Гаитигі 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Матчта Матеус Кунья дубль авторы атанса, тағы бір голды Винисиус Жуниор соқты.

Екі турдан кейін Бразилия құрамасының еншісінде төрт ұпай бар. Команда плей-офф кезеңіне шығуға бір табан жақын тұр, ал топтағы бірінші орынның тағдыры Шотландияға қарсы соңғы тур матчында шешіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie