«Ордабасы» - «Каспий».Онлайн көру
«Ордабасы» ҚПЛ аутсайдерімен кездеседі
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Ордабасы ФК
20 маусым күні Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Каспийді» қабылдайды.
Шымкенттік клуб матчқа чемпионат көшбасшысы ретінде келеді. Өткен турда «Ордабасы» төрешілікке қатысты даулы оқиғалар орын алған кездесуде «Елімайды» 3:1 есебімен жеңді. 13 турдан кейін команда 31 ұпай жинап, турнирлік кестенің бірінші сатысында тұр.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді
Ал «Каспий» соңғы турда «Қайсардан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ақтаулық клуб 13 матчтан кейін небәрі 8 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы орнында келеді және төмендеу аймағында орналасқан.
Матч 20 маусым күні сағат 20:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы KFF League YouTube арнасында көрсетіледі.