Бразилияның ӘЧ-2026-дағы алғашқы жеңісі қалай келді: матчқа бейнешолу
Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, топтық кезеңнің екінші турында Гаитиді 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің тағдыры бірінші таймда шешілді. Бразилиялықтар шабуылдағы басымдығын тиімді пайдаланып, үзіліске дейін үш гол соқты.
Матчтың басты қаһарманы Матеус Кунья болды. Ол 23 және 36-минуттарда мергендік танып, дубль авторы атанды. Ал бірінші таймға қосылған уақытта Винисиус Жуниор қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті ірі нәтижеге жеткізді.
Алғашқы турда Мароккомен тең түскен Бразилия осылайша төрт ұпай жинап, плей-офф жолдамасына бір қадам жақындай түсті. Топтағы бірінші орын иесі соңғы турда анықталады. Онда бразилиялықтар Шотландия құрамасымен кездеседі.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.