Германия - Кот-д’Ивуар. Онлайн көру
21 маусымға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының Е тобындағы екінші тур матчында Германия мен Кот-д’Ивуар құрамалары кездеседі.
Екі команда да турнирді жеңіспен бастап, енді топтағы бірінші орын үшін өзара күш сынасады.
Германия алғашқы турда Кюрасаоны ойсырата жеңіп, 7:1 есебімен турнирдегі ең ірі жеңістердің біріне қол жеткізді. Осы нәтижеден кейін немістер доп айырмасы бойынша Е тобының көшін бастады.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді
Ал Кот-д’Ивуар құрамасы алғашқы кездесуде Эквадорды 1:0 есебімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Африкалық команда қазір топта екінші орында келеді.
Бірінші турдан кейін Эквадор мен Кюрасао ұпайсыз қалып, үшінші және төртінші орындарға жайғасты.
Германия - Кот-д’Ивуар матчы 21 маусымға қараған түні өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.