locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Куньяның дублі Бразилияға ӘЧ-2026-дағы ірі жеңіс сыйлады

Бразилия Гаитиді ірі есеппен жеңіп, плей-оффқа жақындай түсті
Куньяның дублі Бразилияға ӘЧ-2026-дағы ірі жеңіс сыйлады
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Гаитиді 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың басты кейіпкері Матеус Кунья болды. Ол екі гол соқса, тағы бір мәрте Винисиус Жуниор көзге түсті.

2026 жылғы әлем чемпионаты. С тобы
Бразилия - Гаити - 3:0
Голдар
: Кунья, 23 (1:0), 36 (2:0), Винисиус Жуниор, 45+3 (3:0).

Осы жеңістен кейін Бразилия төрт ұпай жинап, плей-офф жолдамасына бір табан жақындай түсті. Топтағы бірінші орын иесінің тағдыры соңғы турда анықталады. Онда бразилиялықтар Шотландия құрамасымен кездеседі.

Ал Гаити құрамасы екі матчтан кейін де ұпай жинай алмады. Осылайша команда әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie