locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы қыздар Әлем кубогының қола жүлдегерлері атанды

Қазақстан Әлем Кубогының жартылай финалында тағы екі боксшысынан айырылды
Қазақстандық боксшы қыздар Әлем кубогының қола жүлдегерлері атанды
ФОТО: KBF

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде тағы екі жартылай финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

80 келіге дейінгі салмақта Валерия Аксенова финал жолдамасы үшін франциялық Давина Мишельмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан француз боксшысына берді - 5:0.

Осылайша Давина Мишель финалға жолдама алса, Валерия Аксенова турнирдің қола жүлдегері атанды.

Ал 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова Өзбекстан өкілі Олтина Сотимбоевамен кездесті. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті тартысты текетіресте қарсылас айқын басымдық танытты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Сотимбоеваға берді - 5:0. Өзбекстандық боксшы финалға шықса, Исламбекова Әлем кубогының қола медаліне ие болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының көшбасшылары Назым Қызайбай мен Виктория Графеева финалға жолдама алып, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie