Нидерланд - Швеция. Онлайн көру
2026 жылғы әлем чемпионатының екінші туры аясында Нидерланд пен Швеция құрамалары F тобындағы маңызды матчтардың бірінде кездеседі.
Командалар турнирді әртүрлі бастады. Нидерланд құрамасы алғашқы турда Жапониямен 2:2 есебімен тең ойнады. Қазір «қызғалдақтар елі» бір ұпаймен топта үшінші орында тұр.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді
Ал Швеция құрамасы алғашқы турдағы ең сенімді жеңістердің біріне қол жеткізді. Скандинавиялықтар Тунисті 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, үш ұпаймен F тобының көшін бастады. Бұл кездесудегі жеңіс шведтердің плей-оффқа шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Матч 20 маусым күні Хьюстон қаласындағы NRG Stadium стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.