Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Фарер аралдарымен тең нәтижемен бастады
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С тобындағы сырт алаңдағы матчта Фарер аралдарымен тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фарер аралдарында өткен кездесудің басталу ысқырығы Астана уақытымен 21:00-де естілді. Бұл матч ұлттық құрама үшін турнирдің жаңа маусымындағы алғашқы ойын болды.
Покатилов қақпада: Фарер аралдары – Қазақстан матчының құрамдары
Фарер аралдарының құрамасы 15-минутта есеп ашты. Оки Самуэльсен Андриас Эндмундссонның пасын бір тиіспен қақпаға бағыттады.
Қазақстан құрамасы араға 11 минут салып есепті теңестірді. Бауыржан Исламхан бұрыштама добын орындады, ал Темірлан Ерланов әуедегі таласта жеңіске жетіп, баспен соққы жасап, допты қақпаға енгізді.
Голдың видеосын осы жерден көре аласыздар.
Матч қорытындысы бойынша екі құрама да бір-бір ұпайдан еншіледі. Қазақстан мен Фарер аралдарынан бөлек, С3 тобында Словакия және Молдова құрамалары өнер көрсетеді.
Бұл кездесу Джон ван 'т Схип үшін Қазақстан құрамасының бас бапкері ретіндегі алғашқы матч болды. Нидерландтық маман бұл қызметте Талғат Байсуфиновты алмастырды.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының екінші турында Словакияға қарсы ойнайды. Кездесу 29 қыркүйекте Кошицеде өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.