«Аталанта» – «Қайрат»: Конференциялар лигасындағы матчты онлайн көру. LIVE-трансляция
Бүгін, 5 қарашада, алматылық «Қайрат» Конференциялар лигасы жалпы кезеңінің үшінші туры аясында Италияның «Аталантасына» қарсы сырт алаңдағы матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Екі турдан кейін «Аталанта» үш ұпай жинады. Италиялық клуб жалпы кезеңдегі ойындарын Кипрдің «Пафосын» өз алаңында 3:1 есебімен жеңуден бастады, алайда екінші турда сырт алаңда нидерландтық «Аякстан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
«Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Қазақстандық команда турнирді Латвияның «Ригасына» қарсы сырт алаңдағы 1:1 есебімен тең ойыннан бастады, кейін өз алаңында гректің «Панатинаикосынан» 1:5 есебімен ірі жеңіліске ұшырады.
«Аталантамен» кездесуден кейін алматылықтар жалпы кезеңде тағы үш матч өткізеді. Олардың қарсыластары нидерландтық «Твенте», Крайова қаласының румыниялық «Университатясы» және швециялық «Мьельбю» болады.