locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сарри Конференция лигасындағы матч алдында «Қайратқа» баға берді

Италиялық «Аталантаның» бас бапкері Маурицио Сарри алматылық клубты қауіпті қарсылас деп атап, оның «Интер» мен «Арсеналға» қарсы өткізген ойындарын еске алды
Футбол
Сарри Конференция лигасындағы матч алдында «Қайратқа» баға берді
ФОТО: Getty images
Конференция лигасы
05.11.2026, 12.45
Аталанта
-
Кайрат
-

«Аталантаның» бас бапкері Маурицио Сарри Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда алматылық «Қайратпен» өтетін кездесу алдында қарсыласы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Италиялық маман қазақстандық клубтың осал қарсылас емес екенін айтып, бапкер ауысқанымен, алматылықтардың кез келген командаға қиындық туғыза алатынын атап өтті. Сарри бұған дәлел ретінде «Қайраттың» еуропалық алпауыттармен өткізген ойындарын мысалға келтірді.

«Соңғы 12 айда «Қайрат» Миланда «Интерге» 1:2, ал Лондонда «Арсеналға» 2:3 есебімен есе жіберді. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады. Кейінгі жылдары футбол деңгейі бұрын бұл спортта кенже қалған елдердің өзінде айтарлықтай өсті. Сондықтан мұндай қарсыласты осал санауға болмайды. Оның үстіне «Қайратта» жақында бас бапкер ауысты. Сол себепті команданың қазіргі ойын өрнегін толық талдауға бізде әзірге мәлімет жеткіліксіз», – деді Сарри.

ФОТО: Getty images

Сонымен қатар италиялық маман өз командасының да қазір оңай кезеңді бастан өткермей жатқанын жасырмады.

«Аталанта» Италия А сериясының соңғы турында өз алаңында «Пармадан» 0:3 есебімен жеңілді. Осы сәтсіздіктен кейін бергамолықтар Дзингониядағы жаттығу базасында қалып, алдағы еурокубок кездесуіне дайындықты жалғастырды.

Сарридің айтуынша, командаға қазіргі қиындықтан шығу үшін бірлесіп жұмыс істеу қажет. Ол футболшылардың психологиялық жағдайына да тоқталып, қарсылас есеп ашқаннан кейін шәкірттерінің ойын барысын өзгертуге әрдайым шамасы жете бермейтінін мойындады.

Конференция лигасының алғашқы екі турында «Аталанта» үш ұпай жинаса, «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар.

Екі команда арасындағы кездесу 5 қарашада Бергамодағы «Стадио ди Бергамо» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:45-те басталады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie