locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мұндай жағдайды ешкім елестете алмаған еді»: Арутюнян «Аталантамен» матч алдында мансабындағы өзгерістер туралы айтты

Жора Арутюнян «Қайрат» пен «Аталанта» арасындағы кездесу алдында пікір білдірді
Футбол
«Мұндай жағдайды ешкім елестете алмаған еді»: Арутюнян «Аталантамен» матч алдында мансабындағы өзгерістер туралы айтты
ФОТО: Қайрат ФК
Конференция лигасы
05.11.2026, 12.45
Аталанта
-
Кайрат
-

«Қайраттың» бас бапкері міндетін атқарушы Жора Арутюнян Sports24.kz берген эксклюзивті сұқбатында жаңа қызметке тағайындалуы мен Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда «Аталантаға» қарсы өтетін матчтан не күтетінін айтты.

Бір қызығы, тура бір жыл бұрын, 2025 жылдың 5 қарашасында Арутюнян алматылық клубтың жастар құрамасын УЕФА Жастар лигасында «Интерге» қарсы ойынға бастап шыққан еді. Сол кездесуде қазақстандық команда италиялықтарға 0:3 есебімен есе жіберді. Араға 12 ай салып, маман Италияға қайта оралды. Алайда бұл жолы ол «Қайраттың» негізгі командасының бас бапкері міндетін атқарушы ретінде келіп отыр.

Соңғы бір жылда бапкерлік мансабының қалай өзгергені туралы сұраққа жауап берген Арутюнян мұндай жағдай болады деп күтпегенін жасырмады.

«Иә, бір жыл бұрын оқиғаның осылай өрбитінін ешкім болжай алмаған шығар деп ойлаймын. Бірақ өмір деген осы. Біздің арманымыз «Қайраттың» негізгі командасына қосылу болатын. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, ол кезде команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Ал «Аталанта» - Чемпиондар лигасының деңгейіндегі команда. Біз олардың ойындарын қарап, талдадық. Бұл ұжым бір жыл бұрын дәл осы Италияда жақсы ойын өткізген «Интерден» еш кем емес. Жалпы, жігіттердің бәрі дайын деп ойлаймын. Ең бастысы, барлығының көңіл күйі жақсы, ойынға оң көзқараспен қарап отыр. Мұның пайдасы зор болады деп сенемін», – деді Арутюнян.

Еске салайық, Рафаэль Уразбахтин қызметінен кеткеннен кейін Жора Арутюнян «Қайраттың» негізгі командасын уақытша басқаруға кірісті. «Аталантаға» қарсы кездесу оның жаңа қызметіндегі алғашқы еурокубок матчы болмақ.

«Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы ойын 5 қарашада Италияның Бергамо қаласындағы «Стадио ди Бергамо» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie