locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Юнайтед» футболшысы Чемпиондар лигасының тарихына ерекше жетістігімен енді

Бразилиялық жартылай қорғаушы еурокубоктағы бір матчта бір-бірінен мүлде бөлек үш оқиғамен көзге түсті.
Футбол
«Манчестер Юнайтед» футболшысы Чемпиондар лигасының тарихына ерекше жетістігімен енді
Фото; МЮ

Англиялық «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Матеус Кунья Чемпиондар лигасында ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бразилиялық футболшы турнир тарихында бір матч барысында гол соғып, пенальти алып, қызыл қағаз алған алғашқы ойыншы атанды.

Тарихи оқиға Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында италиялық «Ромаға» қарсы өткен кездесуде болды.

Екінші таймның басында Кунья пенальти орындауға мүмкіндік алды. 58-минутта манкуниандықтардың капитаны Бруну Фернандеш он бір метрлік айып добын дәл соқты.

Кездесудің соңына қарай бразилиялық қарсыласудың басты кейіпкеріне айналды. 83-минутта жартылай қорғаушы есепті теңестірсе, үш минуттан кейін дубль жасап, ағылшын командасын алға шығарды.

Алайда футболшы матчты алаңда аяқтай алмады. Қосымша уақытта Кунья екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Көшбасшыларының бірінен айырылғанына қарамастан, «Манчестер Юнайтед» басымдығын сақтап, 3:2 есебімен камбэк жасап жеңіске жетті.

Осылайша, бразилиялық жартылай қорғаушы нәтижелі ойынымен ғана емес, статистикалық жетістіктерінің сирек үйлесімімен де назарға ілікті

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie