locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бір ұпайдың өзі жақсы нәтиже болар еді»: «Қайрат» легионері «Аталантамен» матч туралы айтты

Алматылық клубтың финляндиялық жартылай қорғаушысы Ойва Юккола Конференция лигасындағы алдағы кездесуден не күтетінін айтты
Футбол
«Бір ұпайдың өзі жақсы нәтиже болар еді»: «Қайрат» легионері «Аталантамен» матч туралы айтты
ФОТО: Қайрат ФК
Конференция лигасы
05.11.2026, 12.45
Аталанта
-
Кайрат
-

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Ойва Юккола УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда «Аталантаға» қарсы өтетін матч алдында командасының дайындығы мен алға қойған мақсаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финляндиялық футболшы Бергамодағы кездесудің алматылықтар үшін оңай болмайтынын жасырмады. Дегенмен оның айтуынша, «Қайрат» Италияға тек тәжірибе жинау үшін емес, ұпай алу мақсатымен келген.

«Қайырлы таң, достар! Бапкердің не айтып жатқанын түсінбедім, бірақ мен де соны айта аламын. Осында келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін баспасөз мәслихатынан кейін жаттығу өткіземіз, ал ертең бізді үлкен ойын күтіп тұр. Бұл кездесу біз үшін жақсы тарихқа айналады деп үміттенемін. Бірақ мәселе тек тарихта емес, ұпай жинауда да болып отыр. Тіпті бір ұпай алсақ та, бұл тамаша нәтиже болар еді. Оған қол жеткізу үшін бар күшімізді, яғни 100 пайыз мүмкіндігімізді көрсетуіміз керегін білеміз. Менің ойымша, бізде қарсыласқа лайықты қарсылық көрсетуге мүмкіндік бар», – деді Юккола.

Алдағы кездесу «Қайрат» үшін бас бапкер ауысқаннан кейінгі алғашқы сырт алаңдағы еурокубок сынағы болмақ. Қазан айының соңында Рафаэль Уразбахтин қызметінен кеткеннен кейін негізгі команданы уақытша басқару Жора Арутюнянға жүктелді.

Алматылық клуб Конференция лигасының үшінші турына бір ұпаймен келіп отыр. Алғашқы кездесуде қазақстандық команда Латвияның «Ригасымен» 1:1 есебімен тең түссе, кейін өз алаңында Грекияның «Панатинаикосынан» 1:5 есебімен жеңілді. Енді «Қайраттың» Бергамода турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға тағы бір мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері міндетін атқарушы Жора Арутюнян Sports24.kz берген эксклюзивті сұқбатында бапкерлік мансабындағы күтпеген өзгеріс туралы айтқан болатын. Осыдан тура бір жыл бұрын ол алматылық клубтың жастар құрамасын «Интерге» қарсы ойынға бастап шықса, енді негізгі команданы «Аталантамен» кездесуге дайындап жатыр. Сонымен қатар маман бергамолық клубтың деңгейі «Интерден» кем түспейтінін атап өтті.

«Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы матч 5 қарашада Бергамодағы «Стадио ди Бергамо» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie