locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» пен «Левски» арасындағы қарымта кездесу құрамдары белгілі болды

Түркістандағы ойынға арналған бастапқы он бір футболшы жарияланды
ФОТО: ФК Кайрат
Чемпиондар Лигасы
11.08.2026, Аяқт.
Кайрат
0
Левски София
1

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарының бағдарламасы «Қайрат» пен «Левски» арасындағы кездесуден басталады. Қазақстан мен Болгария чемпиондарының ойынына арналған құрамдар белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Софиядағы алғашқы кездесудің тағдырын шешкен Серджиньо да бастапқы құрамда алаңға шығады. Рафаэль Уразбахтин мен Хулио Веласкес құрған командалардың толық старттық құрамдары төмендегідей:

«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Африков, Широкобоков, Кассабулат, Оксанен, Майбек, Мендонса, Мрынский, Юккола, Гуаль

«Левски»: Вуцов, Сентеллес, Сериафимов, К. Димитров, Алдаир Невеш, Серджиньо, Трдин, Мубарик, Рейналдо, Эвертон Байя, Око-Флекс

Естеріңізге сала кетейік, «Түркістан-Аренада» алғашқы ысқырық Астана уақытымен 20:00-де естіледі. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиялық АЕК-ке қарсы ойнайды, ал жеңіліп қалған ұжым Еуропа лигасының осы сатысында ПАОК — «Андерлехт» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бірінші матчта Болгария чемпионы 1:0 есебімен минималды жеңіске жеткен болатын.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie