Өзбекстан – Колумбия. Онлайн көру
18 маусымға қараған түні Өзбекстан құрамасы өз тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты матчына шығады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Өзбекстандықтар мундиальдағы дебютін Колумбия құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Кездесу К тобы аясында өтеді.
Әлем чемпионатына дайындық барысында Өзбекстан құрамасы Канададан (0:2) және Нидерландтан (1:2) жеңілді.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Ал Колумбия футболшылары Коста-Риканы (3:1) және Иорданияны (2:0) жеңіп, жақсы нәтижелер көрсетті.
Өзбекстан 1 Колумбия матчы Астана уақытымен 07:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, осы топтағы алғашқы матчта Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы тең түсті - 1:1. Сондықтан алдағы ойында жеңіске жеткен команда К тобының жеке көшбасшысы атанады.