locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Біз Өзбекстанды таныстыру үшін келдік»: Каннаваро Колумбиямен болған матчтан кейін мәлімдеме жасады

Атақты италиялық маман командасының ойынына риза, бірақ қателіктерді де мойындайды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: УФА

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі бірінші турдағы Колумбияға қарсы матчтың қорытындысын шығарды. Өзбекстан бұл кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл Қазақстанның көршілерінің әлем чемпионатындағы дебюті болды.

«Ойын өте қызықты өтті. Екінші таймда біз ойынның барысын өзгерте алдық. Сол қапталдан шабуылдар жасап, ойын тізгінін өз қолымызға алуға тырыстық. Ең алдымен, біз мұнда Өзбекстанды әлемге жақсы қырынан көрсету үшін келдік. Мен әрдайым командамнан матч барысында белсенді ойнауды талап етемін. Колумбия сияқты командаларға қарсы, әсіресе допсыз ойнау оңай емес.

Жалпы, екінші таймда жақсы өнер көрсеттік, бірақ өкінішке қарай, гол жіберіп алдық. Бұл стадионда өткен матчты ұмытпаймыз, себебі ол тарихи болды. Біз әлем чемпионатындамыз. Бүгінгі ойын біз үшін үлкен тәжірибе болды деп айта аламын. Қателіктер болды, біз олармен жұмыс істейміз», – деп келтіреді Каннавароның сөзін Өзбекстан футбол қауымдастығы.

Өзбекстан мен Колумбиядан бөлек, К тобында Португалия мен ДР Конго құрамалары өнер көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie