Өзбекстанда жұмыс күні ұлттық құраманың ӘЧ-дегі ойынына байланысты кейінге шегерілді
Жұмыс жұмысымен, ал ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы дебюті — қасиетті іс
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: АФУ
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік қызметкерлер үшін 18 маусымдағы жұмыс күнінің басталуын ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы Колумбияға қарсы ойынына байланысты кейінге шегерді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, бейсенбі күні мемлекеттік мекемелерде жұмыс күні сағат 10:00-де басталады. Бұл шешім ел тұрғындарының Ташкент уақытымен сағат 07:00-де басталатын Колумбияға қарсы ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы алғашқы матчын тамашалауы үшін қабылданды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Өзбекстан соңғы сәтте ӘЧ-2026-ға өтінішін өзгертті
Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың айтуынша, Мирзиёев те Фабио Каннаваро мен командасына жанкүйер болады. Ол ойынды үйінде, отбасымен бірге көрмек.
