locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық шахматшылар Магнус Карлсеннің командасын жеңді

Командалық әлем чемпионаты Гонконгте өтуде
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: КФШ

Командалық әлем чемпионаты рапид турнирінен басталды, онда қазақстандық Barys командасы ең жарқын жеңістердің біріне қол жеткізіп, қазіргі әлем рейтингінің көшбасшысы Магнус Карлсен өнер көрсететін WR Chess командасын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Barys командасына жеңіс ұпайларын Петр Свидлер, Айлин Зарқым және Алуа Нурман алып берді, деп хабарлайды ҚФШ баспасөз қызметі.

Тағы бір маңызды тең нәтижені қара фигуралармен Рамазан Жалмаханов 2021 жылғы блиц әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравқа қарсы тіркеді.

Сегіз турдан кейін Barys турнирлік кестеде 12 матчтық ұпаймен үшінші орында келеді. Алда тек қытайлық Dragon Chilling (14 ұпай) және үндістандық Team MGD1 (13 ұпай) командалары тұр.

Barys сапында Дмитрий Андрейкин, Петр Свидлер, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Даниял Сапенов, Ерғали Сүлеймен, Ксения Балабаева, Алуа Нурман және әуесқой Айлин Зарқым ойнайды. Команда капитаны – Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Қазақстан шахмат федерациясы Гонконгте екі командамен – Kazchess және Barys – ұсынылған. 8 турдан кейін Kazchess командасы 11 ұпаймен төртінші орында келеді.

Команда құрамында Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова және әуесқой Кумар Түліпов өнер көрсетуде. Сондай-ақ Kazchess сапында мықты шетелдік гроссмейстерлер Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Рихард Раппорт және Ван Хао бар. Kazchess капитаны – ҚФШ-ның бірінші вице-президенті Дармен Садвақаcов.

Командалық рапид және блиц әлем чемпионаты 17-21 маусым аралығында Queen Elizabeth Stadium-да өтеді. Рапид турнирінде 48 команда бақ сынауда. Матчтар алты тақтада ойналады, әр команданың құрамында міндетті түрде бір әйел және Эло рейтингі 2000-нан төмен әуесқой ойыншы болуы тиіс. 12 тур швейцариялық жүйе бойынша «15+10» уақыт бақылауымен өтеді (әр партияға 15 минут және әр жүріс үшін 10 секунд қосылады, бірінші жүрістен бастап).

Алда қатысушыларды рапид-турнирдің соңғы төрт туры күтуде, олардың нәтижесінде әлем чемпионы мен жүлдегерлер анықталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie