Роналду бастаған Португалия әлем чемпионатын тең нәтижемен бастады
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Конго Демократиялық Республикасымен тең ойнады, деп хабарлайды Sports24.kz.
К тобындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Португалиялықтар есепті ерте ашты. Ойынның алтыншы минутында Жоау Невеш мергендігімен көзге түсті. Алайда команда үзіліске дейін басымдықты сақтап қала алмады. Бірінші таймға қосылған уақытта Висса таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Португалия жеңіс голын соғуға тырысқанымен, Конго құрамасы есепті сақтап қалып, маңызды ұпайға қол жеткізді.
2026 жылғы әлем чемпионаты. К тобы
Португалия - Конго ДР - 1:1
Голдар: Невеш 6 - Висса 45+5.
Ұпай жоғалтқанына қарамастан, бұл кеш Криштиану Роналду үшін тарихи болды. Аңызға айналған португалиялық футболшы мансабындағы алтыншы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізіп, мундиальдар тарихындағы ең жасы үлкен алаң ойыншысы атанды.
Айта кетейік, осы топта Өзбекстан мен Колумбия құрамалары да өнер көрсетеді. Бұл командалардың кездесуі кейінірек өтеді.