Канада мен Оңтүстік Корея 2026 жылғы ӘЧ-де қалай ойнады: матчтарға шолу
19 маусымда ӘЧ топтық кезеңінің екінші турындағы А тобындағы Мексика мен Оңтүстік Корея құрамалары, сондай-ақ B тобының екінші турындағы Канада мен Катар құрамалары арасындағы матчтар өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Мексика – Оңтүстік Корея
Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды.
Оңтүстік Корея қақпашысы өрескел қателік жібергеннен кейін, ойынның 50-минутында мексикалық қорғаушы Луис Ромо жалғыз голды соқты. Матчтың есебі – 1:0.
Канада – Катар
Канада құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы матчта Катар ұлттық құрамасын 6:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл – Канада тарихындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңіс.
Канада сапында Кайл Ларин, Джонатан Дэвид (үш гол) және Натан-Дилан Салиба мергендігімен көзге түсті. Тағы бір голды Катар құрамасының жартылай қорғаушысы Мохамед Аль-Маннаи өз қақпасына соғып алды. Катарлықтар сапында 33-минутта Хомам Аль-Амин және 53-минутта Ассим Мадибо тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтуде. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.