locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өзбекстан футболшылары мен жанкүйерлері әлем чемпионатынан кейінгі әрекетімен тәнті етті

Колумбиядан жеңілсе де, Өзбекстан әлем чемпионатында көпке үлгі көрсетті
Өзбекстан футболшылары мен жанкүйерлері әлем чемпионатынан кейінгі әрекетімен тәнті етті
ФОТО: Getty images

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаты-2026 аясындағы алғашқы матчынан кейін көпшіліктің құрметіне ие болған ерекше қадам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

К тобының алғашқы турында Колумбиямен кездескен өзбекстандық футболшылар Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында алаңға шыққан болатын. Тарихи матч 3:1 есебімен Колумбия құрамасының пайдасына аяқталды.

Ойыннан кейін Өзбекстан құрамасының футболшылары киім ауыстыратын бөлмені толықтай жинап, оны тап-тұйнақтай күйде қалдырды. Сонымен қатар тактикалық тақтаға испан тілінде алғыс сөздерін жазып кеткен.

«Мексика, үлкен рақмет! Әлем чемпионатында сәттілік тілейміз. Рахмет», - деп жазылған хабарламада.

Тек футболшылар ғана емес, жанкүйерлер де үлгі көрсетті. Матч аяқталған соң Өзбекстан жанкүйерлері отырған сектордағы қоқыстарды жинап, трибуналарды таза күйде қалдырды.

Мұндай мәдениет соңғы жылдары Жапония құрамасымен тығыз байланысты болып келеді. Жапония футболшылары мен жанкүйерлері әлем чемпионаттары мен басқа да ірі турнирлерден кейін киім ауыстыратын бөлмелер мен трибуналарды жинап кетуімен танылған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie