Виктория Графеева камбэк жасап, бокстан Әлем кубогында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева (60 кг дейін) Әлем кубогының кезеңінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ширек финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Иеонжи Охпен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта төрешілер аз ғана басымдықпен қарсыласына ұпай берді. Екінші раундта Графеева қарсы шабуылға көшіп, есепті сенімді түрде теңестірді.
Шешуші раундта қазақстандық боксшы қашықтықты бақылап, қарсы шабуылда сәтті әрекет етті және клинч кезінде кореялық спортшының шабуылдарын ұстап отырды. Охтың соңғы раундтағы белсенділігіне қарамастан, жекпе-жек нәтижесі Графееваның пайдасына шешілді – төрешілер бірауыздан жеңіс берді.
Еске сала кетейік, Виктория Графеева – IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионы.