locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда анықталды

Бұл турнир иелері – Мексика құрамасы
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Турнир қожайындары Сапопандағы «Акрон» стадионында Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

A тобының екі турынан кейін Мексика құрамасы алты ұпай жинап, топтағы бірінші орынды қамтамасыз етті. Бұл нәтиже оларға 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

Топтағы екінші кездесуде ОАР мен Чехия тең түсті.

1-турда Мексика ОАР-ды 2:0 есебімен жеңсе, Оңтүстік Корея Чехиядан 2:1 есебімен басым түскен болатын.

Екі турдан кейінгі A тобының жағдайы

  1. Мексика – 6 ұпай;
  2. Оңтүстік Корея – 3 ұпай;
  3. Чехия – 1 ұпай;
  4. ОАР – 1 ұпай.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie