locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси ӘЧ тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Ал Роналдудың қанша голы бар?

Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бес сұрмергендер кімдер
Месси ӘЧ тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Ал Роналдудың қанша голы бар?
ФОТО: Getty images

Лионель Месси Австрияға қарсы матчта гол соғып, әлем футболының тағы бір тарихи рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл гол аргентиналық жұлдыз үшін әлем чемпионаттарындағы 17-ші гол болды. Осылайша Месси Германия құрамасының аңыз шабуылшысы Мирослав Клозені басып озып, мундиальдар тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Екінші орында 16 голмен Мирослав Клозе тұр. Ал үздік үштікті Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо түйіндейді. Оның еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 15 гол бар.

Қазіргі таңда әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бес бомбардирдің тізімі төмендегідей:

1.Лионель Месси (Аргентина) - 17 гол
2.Мирослав Клозе (Германия) - 16 гол
3.Роналдо (Бразилия) - 15 гол
4.Герд Мюллер (Германия) - 14 гол
5. Килиан Мбаппе (Франция) - 14 гол

Бұл тізімде ерекше назар Килиан Мбаппеге аударылады. Франциялық шабуылшы небәрі 27 жаста және Мессидің рекордына жету үшін оған үш гол ғана жетіспейді. Оның үстіне Мбаппе әлі де әлем чемпионаты-2026 турниріндегі ойындарын жалғастырып жатыр.

Ал Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналдудың еншісінде әлем чемпионаттарында сегіз гол бар. Сондықтан ол мундиальдар тарихындағы үздік сұрмергендер қатарына кірмейді.

Аустрия қақпасына соғылған голдан кейін Лионель Месси ресми түрде әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie