Видео. «Қайрат» Лиссабонға аттанды: алда – Чемпиондар лигасындағы тарихи түн
«Қайрат» футбол клубы Португалияға ұшып кетті. Онда алматылықтарға УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынды Лиссабонның «Спортингіне» қарсы өткізу күтіп тұр.
Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде әуежайдағы кадрларды жариялады. Команда тіркеуден өтіп жатқан сәтте шабуылшы Дастан Сатпаев жанкүйерлеріне қолтаңба беріп қуантты.
Тарихи кездесу «Спортинг» – «Қайрат» 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Бұл – алматылық клубтың Еуропаның басты клубтық турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчы болмақ.
Келесі ойын 30 қыркүйекте өтеді: «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Бұл кездесуге қызығушылық ерекше жоғары – жанкүйерлерге билеттердің сатылымға шығатын күні мен уақыты қазірдің өзінде белгілі, ал олардың үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз.