locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шерхан Қалмұрза «Спортингтен» алған ауыр жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

18 жастағы қақпашы өз ойынын көрсете алмай, жеңіске жете алмағанына өкініш білдірді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Шерхан Қалмұрза «Спортингтен» алған ауыр жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады
ФОТО: «Қайрат» ФК

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы «Спортингке» қарсы матчта (1:4) пенальти қайтарып, ойыннан кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Өкінішке орай, біз қойған мақсатымызға жете алмадық. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Мен мұндай деңгейде алғаш рет ойнап тұрмын. Бұл мен үшін жұбаныш болғанымен, 1:4 есебі бізге тән емес. Біз өз ойынымызды көрсетуіміз керек еді және жеңіске жетуіміз қажет болатын. Пенальти қайтарған сәттегі сезімім? Керемет! Бірақ бұл тек бастамасы екенін түсіндім, матчтың соңына дейін ойнау керек екенін білдім, өкінішке орай, бәрі ойдағыдай болмады», – деді Шерхан Қалмұрза Q-Sport-қа берген сұхбатында.

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчында Лиссабонда өткен ойында «Спортингке» (1:4) ірі есеппен жол берді. Матчтың ең жарқын ойыншыларының бірі «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза болды. 18 жастағы қақпашы қақпасын сенімді қорғап қана қоймай, Чемпиондар лигасы тарихына да енді. 21-минутта қақпашы пенальтиді қайтарып, турнир тарихында мұндай ерлік жасаған екінші ең жас қақпашы атанды. Оның бір сейві УЕФА аптаның үздік сейві номинанттарының қатарына енді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie