locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өрескел қателіктер болған жоқ, «Спортинг» мықтырақ» — «Қайраттың» экс-ойыншысы Лиссабонадағы жеңіліс туралы

Ермек Қуантаев: Егер Сатпаев не Жоржиньо есепті теңестірсе, ойын мүлде басқа арнаға бұрылар еді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Ермек Қуантаев Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті пікірінде алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчындағы «Спортингке» (1:4) қарсы ойынының қорытындысы туралы айтып өтті.

«Жалпы, жаман ойнаған жоқпыз. Сатпаев пен Жоржиньода тамаша сәттер болды. Өкінішке қарай, сәттілік жетіспеді. Мұндай деңгейдегі матчтарда өз мүмкіндіктеріңді голға айналдыру өте маңызды, өйткені қарсыластар көп мүмкіндік бере бермейді. Егер сол сәттерді пайдалансақ, ойын басқаша өрбитін еді деп сенемін. Иә, 1:4 есебімен ұтылдық, бірақ бұл – Чемпиондар лигасы. Бұл – мүлде басқа футбол деңгейі. Тринкаудың алғашқы екі голы осыны көрсетті. Ол соққыларды қалай бөгеп қалуға болатынын да білмеймін. Жалпы алғанда, жігіттеріміз жақсы ойнады, өрескел қателіктер болған жоқ, жай ғана «Спортинг» бізден әлдеқайда мықты екенін дәлелдеді», – деді Қуантаев.

Тәжірибелі қорғаушы мұндай деңгейдегі қарсыластармен ойнау арқылы команда біртіндеп шыңдалып, ойын өрнегін жақсарта түсетініне сенімді.

«Дегенмен, жігіттер үшін қуаныштымын. Басқа күні, бәлкім, біз басқаша нәтиже көрсетер едік. Алла бұйыртса, бір күні біз де «Спортинг» деңгейіне жетеміз деп үміттенемін», – деген үмітін білдірді Қуантаев.

Ермек Қуантаев 2014-2017 жылдары «Қайрат» сапында ойнап, бірнеше рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол сондай-ақ жыл сайын Еуропа лигасының іріктеуінің соңғы кезеңдеріне дейін жеткен алматылық команданың негізгі ойыншысы болған.

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы негізгі кезеңдегі алғашқы матчында Лиссабонда «Спортингтен» ойсырай ұтылды (1:4). Ойындағы басты қаһармандардың бірі – «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза. 18 жастағы қақпашы тек қана сенімді ойнап қана қоймай, Чемпиондар лигасы тарихына да енді. 21-минутта «Қайраттың» қақпашысы пенальти қайтарды, осылайша турнир тарихында ондай жетістікке жеткен ең жас қақпашылардың бірі атанды. Оның бір сейві УЕФА аптаның үздік сейві номинациясына енді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie