locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данилина «Ролан Гаррос» жарысының жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Франция ашық чемпионатында күресін жалғастыруда
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге 2026 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық разрядында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Данилина мен Крунич ширек финалда Австралиялық Эллен Перес пен Нидерланд өкілі Деми Схюрспен кортта бақ сынасты. Қарсыластар 1 сағат 39 минут бойы тартысты ойын көрсетті.

Кездесу қазақстандық-сербиялық дуэттің сенімді жеңісімен екі сетте аяқталды — 6:2, 7:6.

Финалға шығу үшін Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма және тайваньдық Энь-Шуо Лян дуэтімен кездеседі.

Айта кетейік, Данилина «Ролан Гаррос»-2026 турнирінде өнер көрсетуді жалғастырып жатқан Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды.

«Ролан Гаррос»-2026. Жұптық разряд. 1/4 финал

Эллен Перес (Аустралия) / Деми Схюрс (Нидерланды) – Анна Данилина (Қазақстан) / Александра Крунич (Сербия) – 2:6, 6:7(8)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie