«Спортинг» – «Қайрат». Чемпиондар лигасы матчін қайдан көруге болады?
Португалия мен Қазақстан командалары бейсенбіден жұмаға қараған түні кездеседі
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
18-ден 19 қыркүйекке қараған түні алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғашқы ойынын өткізеді.
Қазақстандық команда Лиссабонда әйгілі «Жозе Алваладе» стадионында жергілікті «Спортингпен» кездеседі.
Португалияда өтетін бұл кездесуді Қазақстанда QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл матчтың басталуы 18-ден 19 қыркүйекке қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де жоспарланған.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында мадридтік «Реалмен» кездеседі.
Сондай-ақ, алматылық команданың қарсыластары қатарында «Пафос», «Интер», «Копенгаген», «Олимпиакос», «Брюгге» және «Арсенал» бар.