locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ван ’т Схип Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілу себептерін түсіндірді

Ван ’т Схип Молдовадан жеңілгеннен кейін пікір білдіріп, құрамда өзгерістер болатынын айтты
Футбол
Ван ’т Схип Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілу себептерін түсіндірді
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
13.11.2026, Аяқт.
Молдова
2
Қазақстан
1

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Молдовадан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін футболшылардың психологиялық жағдайы мен қорғаныста жіберілген қателіктерге тоқталды. Нидерландтық маманның айтуынша, командаға өз күшіне деген сенімді қайта қалпына келтіру қажет, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бас бапкер ұлттық құраманың қалыптасуына уақыт керектігін мойындады. Бір апта бойы тыңғылықты дайындық жүргізілгенімен, қазақстандық футболшылар ойын нәтижесіне әсер еткен қателіктерден арыла алмаған.

«Команданың тұрақты ойын өрнегін қалыптастырып, өзіне деген сенімін нығайтуы үшін уақыт қажет. Алдыңғы төрт кездесуден кейін футболшылардың сенімі біршама төмендеді. Соған қарамастан, осы аптада жақсы дайындалдық. Жалпы, қорғаныста жаман ойнаған жоқпыз. Дегенмен қарсыластың қапталдан жасаған пастары бізге қиындық туғызды. Чесноковтың тағы бір гол соғатын мүмкіндігі болды, бірақ оны пайдалана алмадық», – деді ван ’т Схип.

Сонымен қатар маман Словакияға қарсы өтетін алдағы кездесуге қатысты жоспарын бөлісті. Оның сөзінше, топтық кезеңнің соңғы ойынында ұлттық құраманың негізгі құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Келесі матчта құрамға бірқатар өзгеріс енгізуді қарастырып отырмыз. Бүгін алаңға шықпаған немесе аз уақыт ойнаған футболшыларға мүмкіндік берілуі ықтимал. Бұл мәселені алдағы кездесуге дайындық барысында жан-жақты талқылаймыз», – деп толықтырды бас бапкер.

Еске салайық, Кишиневте өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Молдовадан 1:2 есебімен жеңілді. Отандастарымыз сапындағы жалғыз голды Ислам Чесноков соқса, алаң иелері қатарында Петру Попеску дубль авторы атанды.

Бес турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде екі ұпай бар. Джон ван ’т Схип шәкірттері Ұлттар лигасының биылғы маусымында әзірге бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 16 қарашада Астанада Словакияға қарсы өткізеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie