locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Ұлттар лигасында В дивизионына шығу мүмкіндігінен айырылды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында жоғары дивизионға көтерілу мүмкіндігінен мерзімінен бұрын айырылды
Футбол
Қазақстан Ұлттар лигасында В дивизионына шығу мүмкіндігінен айырылды
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
13.11.2026, Аяқт.
Молдова
2
Қазақстан
1

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында жоғары дивизионға көтерілу жолындағы күресін мерзімінен бұрын аяқтады. Бесінші турда Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберген Джон ван ’т Схип шәкірттері В дивизионына шығу мүмкіндігінен біржола айырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кишиневте өткен кездесуде қазақстандықтар екінші таймда есепті теңестіргенімен, жеңілістен құтыла алмады. Петру Попеску ашқан есепке Ислам Чесноков алыстан бағыттаған әдемі соққысымен жауап берді. Алайда 77-минутта молдовалық футболшы тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды және командасына үш ұпай әкелді.

Бұл жеңіліс Қазақстанның жоғары дивизионға көтерілу үмітін түбегейлі үзді. Ұлттық құрама бес кездесуде небәрі екі ұпай жинап, өз тобында соңғы орында қалды.

Тіпті соңғы турда Словакияны жеңген жағдайда да қазақстандықтардың ұпай саны бестен аспайды. Ал Молдованың еншісінде қазірдің өзінде жеті, Словакияның қоржынында он ұпай бар. Сондықтан Қазақстан алғашқы екі орынның біріне көтеріле алмайды.

Айта кетейік, топ жеңімпаздары В дивизионына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген құрамалар жоғары дивизионға көтерілу үшін өтпелі матчтарға қатысады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 16 қарашада Словакияға қарсы өткізеді. Бұл ойын Джон ван ’т Схип шәкірттерінің жоғары дивизионға шығу мүмкіндігіне әсер етпейді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie