locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Молдовадан бірінші таймнан кейін жеңіліп жатыр

Қазақстан құрамасы Молдоваға қарсы кездесуде 0:1 есебімен ұтылып жатыр
Футбол
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Молдовадан бірінші таймнан кейін жеңіліп жатыр
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
Live, 60'
Молдова
1
Қазақстан
1

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға қарсы матчтың алғашқы 45 минутын 0:1 есебімен аяқтады. Кездесу Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші таймдағы жалғыз голды Петру Попеску соқты. Молдова құрамасының футболшысы 39-минутта есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осылайша, Қазақстан командасы үзіліске дейін таразы басын теңестіре алмады.

Джон ван ’т Схип шәкірттері Кишиневке Ұлттар лигасындағы жеңіссіз сериясын тоқтату мақсатымен келген еді. Алайда бірінші таймда жіберілген голдан кейін қазақстандық футболшыларға екінші кезеңде есепті теңестіріп қана қоймай, ойын барысын өз пайдасына өзгерту міндеті тұр.

Бесінші тур қарсаңында Қазақстан құрамасы төрт кездесуден екі ұпай жинап, С3 тобында соңғы орында тұрған. Ал еншісінде төрт ұпайы бар Молдова да турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға ұмтылып отыр. Матчтың тікелей трансляциясы.

Бұл екі құраманың биылғы Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуі 2 қазанда Астанада өткен болатын. Сол ойында Қазақстан Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберген еді. Сондықтан Кишиневтегі қарымта матч отандастарымыз үшін өз алаңындағы жеңілістің есесін қайтаруға мүмкіндік саналады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie