locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресей футболшысына Өзбекстанмен матчтан кейін қызанақ сыйлады

Ресей құрамасының шабуылшысы Николай Комличенко Ташкенттегі жолдастық кездесуден кейін ерекше сыйлық алды.
Футбол
Ресей футболшысына Өзбекстанмен матчтан кейін қызанақ сыйлады
Фото: Инстаграм

Мәскеудің «Локомотиві» мен Ресей құрамасының шабуылшысы Николай Комличенкоға Өзбекстанға қарсы жолдастық матчтан кейін бір келі өзбек қызанағын сыйға тартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ресей құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жеткен кездесуден кейін Okko эфирінде ерекше оқиға болды. Футболшыға сыйлықты комментатор Павел Чепурин табыстады.

Бұл оқиға Комличенконың 2024 жылғы желтоқсандағы сөзіне байланысты. Сол кезде шабуылшы Ресей дүкендеріндегі өзбек қызанағының қымбат екенін айтып, бір келісінің бағасы мың рубльден асатынын жеткізген еді.

Сыйлықты табыстау кезінде Чепурин Өзбекстанда бір келі қызанақтың шамамен 170 рубльге түскенін айтты.

«Біртүрлі арзан екен. Он есе арзан!» - деп жауап қатты футболшы.

Айта кетерлігі, Комличенко кездесудің басты қаһармандарының біріне айналды. Ресейлік футболшы 66-минутта есеп 0:2 болып тұрған кезде алаңға қосалқы құрамнан шығып, 70-ші және 75-ші минуттарда гол соғып, дубль жасады. 79-минутта Алексей Миранчук жеңіс голын соқты.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie