locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Чесноковтың әдемі голы Қазақстанды Молдоваға қарсы матчта жеңілістен құтқарды

Ислам Чесноков Молдова мен Қазақстан арасындағы кездесуде тамаша гол соқты
Футбол
ВИДЕО. Чесноковтың әдемі голы Қазақстанды Молдоваға қарсы матчта жеңілістен құтқарды
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
Live, 75'
Молдова
1
Қазақстан
1

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға қарсы сырт алаңдағы кездесуде есепті теңестірді. Отандасымыз айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, қарсылас қақпасын әдемі голмен дәл көздеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы таймды сәтсіз аяқтаған Джон ван ’т Схип шәкірттері үзілістен кейін көп ұзамай қарымта қайтарды. 51-минутта Ислам Чесноков алыстан соққы бағыттап, допты Молдова қақпасына тоғытты. Осылайша, таблодағы есеп 1:1 болды.

Бірінші кезеңде алаң иелері басымдыққа ие болған еді. 39-минутта Петру Попеску мергендік танытып, Молдова құрамасын алға шығарды. Дегенмен Чесноковтың нәтижелі соққысы қазақстандықтарды қайтадан ойынға қосып, кездесудің тартысын күшейтті.

Бұл матч Қазақстан құрамасы үшін турнирлік тұрғыдан маңызды. Алдыңғы төрт турда небәрі екі ұпай жинаған ұлттық команда С3 тобында соңғы орынға жайғасқан. Ал төрт ұпайы бар Молдова да турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуды көздейді.

Сонымен қатар Кишиневтегі кездесу қазақстандықтарға Астанадағы жеңілістің есесін қайтаруға мүмкіндік беріп отыр. 2 қазанда өткен алғашқы ойында Молдова құрамасы 2:1 есебімен басым түскен болатын.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie