Суперкомпьютер Ұлттар лигасындағы Молдова – Қазақстан матчының жеңімпазын атады
Бүгін, 13 қарашада Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы матчта Молдовамен кездеседі. Ойын алдында Football Meets Data суперкомпьютері текетірестің нәтижесіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Модельдің есептеуінше, матчтың аздаған фавориті — Қазақстан құрамасы. Қазақстандық команданың жеңіске жету ықтималдығы 38 пайыз деп бағаланды. Молдованың жеңіске жету мүмкіндігі — 36 пайыз, ал тең ойын ықтималдығы — 26 пайыз.
Суперкомпьютер қос команданың да күтілетін гол санын болжады. Әр құраманың бұл көрсеткіші 1,3 голды құрайды, ал кездесудің күтілетін жалпы тоталы — 2,6 гол.
Матчта 2,5 голдан көп соғылу ықтималдығы — 52 пайыз. Екі команда да гол соғуы мүмкін деген болжам 57 пайызды құрайды.

Еске салайық, ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Қарсылас командалардың өзара кездесуіне дейін Молдова құрамасы төрт ұпай жинаса, Қазақстанның еншісінде екі ұпай бар. Командалар арасындағы алғашқы матч Астанада өтіп, Молдованың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған.
Сол кездесуде Ники Клешченко 45+1-минутта есеп ашып, Петру Попеску 50-минутта алаң иелерінің басымдығын арттырды. Қазақстандықтар Нұралы Әліптің 64-минутта соққан голымен жауап бергенімен, команда жеңілістен құтыла алмады.
Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчтарында Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарымен тең түсті (2:2), ал Молдова Словакиядан ірі есеппен жеңілді (0:4).
Молдова – Қазақстан: Ұлттар лигасы матчын онлайн көру. LIVE-трансляция