locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мераб Двалишвилидің досы UFC аңызымен өтетін белдесуде Нурмагомедовтың орнын басады

Саба Лазишвили Юрайя Фейбермен белдесуге күтпеген жерден мүмкіндік алды
ММА
Мераб Двалишвилидің досы UFC аңызымен өтетін белдесуде Нурмагомедовтың орнын басады
ФОТО: видеодан алынған кадр

Осыдан бірнеше күн бұрын 21 жастағы грузиялық балуан Саба Лазишвили Real American Freestyle (RAF) турниріне қатысушылардың қатарында болмаған. Алайда Әбу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған жанжалдан кейін жас спортшы көпшіліктің назарына ілікті. Енді ол UFC чемпионы атағына бірнеше мәрте үміткер болған Юрайя Фейбермен белдесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

11 қарашада БАӘ астанасындағы қонақүйлердің бірінде Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили командаларының өкілдері арасында жаппай төбелес болды. Грузиялық спортшыны жақтаған Лазишвили де жанжалға араласқан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, жас балуанның есімін көпшілікке танытты.

Төбелестен кейін оқиғаға полиция араласып, бірнеше адам ұсталды. Reuters агенттігінің мәліметінше, кейін Двалишвили мен Лазишвили босатылып, әрқайсысына 50 мың дирхам көлемінде айыппұл салынған.

Алайда грузиялық балуан үшін күтпеген оқиғалар мұнымен аяқталған жоқ. RAF ұйымдастырушылары алдағы турнирдің қатысушылар құрамына өзгеріс енгізіп, Юрайя Фейбермен өтетін белдесуде Умар Нурмагомедовтың орнына Лазишвили шығатынын жариялады.

Бұл кездесу Саба үшін аталған лигадағы алғашқы белдесу болмақ. Ал оның қарсыласы аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне жақсы таныс. 47 жастағы америкалық Юрайя Фейбер UFC чемпиондық белбеуіне бірнеше рет таласқан. Кәсіби мансабының белсенді кезеңін аяқтағаннан кейін де ол күрес турнирлеріне қатысуын жалғастырып келеді.

Белдесу 14 қарашада Әбу-Дабидегі Etihad Arena спорт кешенінде өтеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie