Рыбакина Бейжіңдегі турнирдегі мақсаттарын ашып айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайда өтетін WTA 1000 санатындағы турнирден не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы Қытайдағы жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Алина Чараева болады. Рыбакина мен Армения өкілінің арасындағы кездесу жұма, 2 қазанда өтеді. Астана уақытымен басталуы шамамен 08:00-ге жоспарланған.
«Қайта оралғаныма қуаныштымын. Алдыңғы турнирден кейін келесі жарысқа тез арада ауысуға тура келді. Мен Қытайды жақсы көремін. Әзірге мұнда тек жаттығып жүрмін және дерлік ешқайда шықпадым, өйткені соңғы, атап айтқанда, бірер ай өте қиын болды: теннис көп ойнадым, көп күш жұмсадым. Маған қалпыма келіп, үйде біраз болып, демалу қажет еді. Енді мен осындамын және қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысып жүрмін. Тағы да жақсы өнер көрсете аламын деп үміттенемін», – деп келтіреді Рыбакинаның сөзін Sports.kz.
Айта кетейік, WTA 1000 China Open турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Бейжіңдегі жарыстың жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.
Айтпақшы, Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Бейжіңде өткен ATP 1000 санатындағы турнирдегі күресін 1/16 финал кезеңінде-ақ тоқтатты.